Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылатынын хабарлады.

Ақмола облысында көлік қозғалысы шектеледі.
- 2025 жылғы 28 қаңтар сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавлск» автожолының 377-440 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қостанай облысы шекарасынан қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 29 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады.
- 2025 жылғы 28 қаңтар сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Петропавлск» автожолының 339-377 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Қарағанды-Астана жолында ауа райы нашарлағанда жылдамдықты қаншаға дейін төмендету қажет екенін жазған болатынбыз.