Ауа райына байланысты ШҚО-да жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы шұғыл ақпарат таратты.
– 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194-1212 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 22:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, 6 қаңтар сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды.
Ауа райы бұзылып, Павлодар және Ақмола облысында жол жабылған болатын.