Ауа райына байланысты Жамбыл, Қостанай және Ақмола облыстарындағы жолдар жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол еліміздегі кейбір жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді.
Дерекке қарағанда, ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарлануда:
- 2024 жылғы 6 қарашада сағат 18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 6 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 6 қарашада сағат 19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 “Жезқазған-Петропавл” автожолының 377-440 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.