Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Ауа райына байланысты Жамбыл және Абай облыстарында жол жабылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

2025 жылғы 4 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолының 383-528 шақырым аралығындағы учаскеде (Қайнар ауылынан Баршатас ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 5 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді.

– 4 ақпан сағат 15:30-де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығындағы учаскеде (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 2025 жылғы 4 ақпан сағат 23:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Алматының айналма жолымен жүру ақысы неге қымбаттағанын түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар