Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. 

Ауа райына байланысты жол жабылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

3 ақпан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Ақмола облысы бойынша «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы бойынша «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 4 ақпан сағат 00:00–де ашу жоспарланған.

Сонымен қатар ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, Жетісу облысында 3 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктума ауылынан Достық стансасына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.

Соңғы жаңалықтар