Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

жол
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

2025 жылғы 30 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:


Абай облысы:
- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін).

ШҚО:
- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін).

Жолды 31 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Бұған дейін еліміздің үш өңірінде көлік қозғалысы шектелгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар