01:36, 25 Қаңтар 2025 | GMT +5
Ауа райының бұзылуына байланысты Жетісу облысында жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат жариялады.

- 2025 жылғы 25 қаңтар сағат 01:00-де Жетісу облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты «Сарыөзек-Көкал» автожолының 40-68 шақырым аралығында (Алтын Емел асуы дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 25 қантар сағат 01:00-де Жетісу облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.
Бұған дейін еліміздің үш облысында аязға байланысты қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатынбыз.