Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыстың автожолдарында қозғалыс шектелді
АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы QazAvtoJol - дың баспасөз қызметі жазды.

Ақтөбе облысында – 3 учаске
1. «Самара-Шымкент» 776-965 км, ЭКО Ойл ЖҚС-Қарабұтақ к. – 189 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
2. «Самара-Шымкент» 965-1153 км, Қарабұтақ к.-Ырғыз к. – 188 км. 3.«Самара-Шымкент» 1153-1240 км, Ырғыз к.-Қызылорда обл.шек.-87 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске
1. «Орал-Тасқала-РФ шек.» 4-104 км, Орал қ.-РФ шек.– 100 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді
Қарағанды облысында – 1 учаске
1. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а.-Новостройка а. – 16 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
Қостанай облысында – 1 учаске
1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл.шек.-Арқалық қ.– 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
Қызылорда облысында – 1 учаске
1. «Самара-Шымкент» 1240-1360 км, Ақтөбе обл.шек.-Арал қ. - 120 км. (Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты) Шектеу аатокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
Ұлытау облысында – 1 учаске
1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады