Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

боранда полицейлер 600-ден астам автокөлікті колоннамен алып жүрді
Фото: СҚО ПД

27 ақпанда боран мен көктайғаққа байланысты келесі бағыттарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Қызылорда облысында «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1646 шақырымы аралығында (Арал қаласы – «Оазис» сервис нысаны), сондай-ақ осы жолдың 1806-2047 шақырымы (Қызылорда қаласы – Бесарық ауылы) жабылды.

Бұдан бөлек, «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» (KAZ14) автожолының 12-216 шақырымы (Қызылорда қаласы – Ұлытау облысының шекарасы) учаскесінде шектеу қойылды.

Жамбыл облысында аталған халықаралық дәліздің 159-238 шақырымы (Кенен ауылы – Қайнар ауылы) жабылды. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» (15-105 км), «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» жолының бірнеше учаскесі (1104-1191 км, 1194-1212 км, 1013-1062 км), «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» (7-249 км), сондай-ақ «Өскемен – Семей» (12-103 км) бағыттарында қозғалыс шектелді.

Абай облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 км және 778-967 км аралығы, «Өскемен – Семей» (103-198 км), «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (756-906 км), «Семей – РФ шекарасы» (2-113 км), сондай-ақ «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Богас» (528-941 км) учаскелерінде қозғалыс тоқтатылды.

Ұлытау облысында «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» (KAZ14) автожолының 216-424 шақырымы (Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған қаласы) жабылды.

Ал Жетісу облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 213-234 км (Мұқыры асуы – Жамбыл ауылы) және 276-388 км (Талдықорған қаласы – Жансүгіров ауылы) учаскелерінде қозғалыс қайта ашылды.

Бұған дейін синоптиктер 28 ақпанда бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялағаны хабарланған болатын.