Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста автожолдар жабылды

жол
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Qazavtojol-дың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында — жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автожолда көлік қозғалысы шектелді. 

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау обл. шек. — Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін).

Ауа температурасының төмендеуі мен екпінді желдің салдарынан Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автожол жабылды. 

1. «Жезқазған — Петропавл» — Ұлытау к. — Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрлері үшін).

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп — ұстауға 535 бірлік техника және 1287 жолшы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар