Ауа райының қолайсыздығына байланысты ҚХР теміржол көлігімен жүк қабылдауды тоқтатты

Достық (ҚР) және Алашаңқай (ҚХР) станцияларында қалыптасқан ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстаннан ҚХР-ға жүк қабылдау баяулады. Атап айтқанда, Қытай астық тасымалдаушыларды, астық жүктері мен ұнтақ өнімдері бар жабық вагондарды, өсімдік майы бар цистерналарды қабылдамайды. Алашаңқай станциясында терминалдардың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Kazinform.

КТЖ
Фото: Kazinform

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк және контейнерлік пойыздар күтуге көшкен. 12-13 желтоқсан аралығында түнде пойыздарды беру толығымен тоқтатылды, күндіз-пойыздардың орташа тәуліктік алмасуы 5 есеге: 15-тен 3 құрамға дейін төмендеді. 

Осыған байланысты ҚТЖ ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін Достық шекара өткелі арқылы контейнерлерде, астық тасымалдаушыларда, жабық вагондарда астық жүктерін және цистерналарда өсімдік майларын қабылдауға тыйым салды. 

ҚТЖ 12 желтоқсанда ҚХР темір жол өкілдерімен жүктерді қабылдауды қайта бастау туралы шұғыл кеңес өткізді.