Ауа райының күрт нашарлауынан екі облыста көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің батыс өңіріндегі екі облыста ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

Атырау облысы:
— 2025 жылғы 13 қаңтарда сағат 21:15–дан бастап Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Атырау-Орал» автожолының 14-189 шақырым аралығында (Алмалы ауылынан Индер ауданына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 2025 жылғы 14 қантар сағат 00:00–де жолды ашу жоспарланған.
— 2025 жылғы 13 қаңтарда сағат 23:20–дан бастап Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ақтөбе — Атырау — РФ шек.» автожолының 621-830 шақырым аралығында (Атырау қаласынан Құрманғазы ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 2025 жылғы 14 қантар сағат 04:00–де жолды ашу жоспарланған.
Батыс Қазақстан облысы:
— 2025 жылғы 13 қаңтарда сағат 22:30–дан бастап Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ақтөбе — Орал — РФ шек. (Сырым ө/п)» автожолының 195-248 шақырым аралығында (ГАИ постынан РФ шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 2025 жылғы 14 қантар сағат 06:00–де жолды ашу жоспарланған.
— 2025 жылғы 13 қаңтар сағат 23:00–да Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі автомобиль жолдарында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
1. «Ақтөбе — Орал — РФ шек. (Сырым ө/п)» автожолының 273-392 шақ., (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін);
2. «Атырау-Орал» автожолының 372-492 шақ., (Чапай ауылынан Орал қаласына дейін).
Жолдарды 2025 жылғы 14 қаңтар сағат 06:00–де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы жолға қатысты қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін ауа райына байланысты Батыс Қазақстанда үш автожол жабылғаны хабарланды.