Ауа райы: 11 қазанда басым өңірлерде жел күшейіп, жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қазанда Қазақстан территориясында атмосфералық фронталды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады, жел күшейеді. Ел батысының кей жерлерінде тұман байқалады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ауа райы: 11 қазанда басым өңірлерде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе Қарағанды, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.