АУА РАЙЫ: 3 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында боран болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 желтоқсан күні батыс облыстардан басқа республиканың барлық дерлік аумағында тұман түсіп, көк тайғақ болады. Бұрқасын жел тұрып, боран соғады, деп хабарлады «Қазгидромед».

АУА РАЙЫ: 3 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында боран болады

Қостанай облысында, желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейіп, көк тайғақ болады. Павлодар облысында боран, кей жерлерде көк тайғақ, күндіз 15-20 м/с дейін жел соғады. Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі. Көк тайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей аймақтарында 15-23 м/с жел соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көк тайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көк тайғақ болып, күндіз 15-20 м/с дейін жел соғады. Алматы облысының кей аймақтарда 17-22 м/с дейін, Алакөл ауданында жел 20-25 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе облысының кей аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.