Ауа райы: 7 мамырда еліміздің батысында жаңбыр жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 мамырда еліміздің батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлдайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді, найзағай жарқылдайды. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, батыста бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.