Ауа райы: Ақмолада қар борайды, Маңғыстауда жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер Ақмола мен Маңғыстау облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ауа райы: Ақмолада қар борайды, Маңғыстауда жел күшейеді

31 қазан -1 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

31 қазанда өңірде оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

1 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

31 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстік-батыстан, күші 15-20 м/с күтіледі.

Еске сала кетсек, синоптиктер ертең Қызылорда мен Қостанай облысында жел күшейетіні жөнінде ескертті.