Ауа-райы: Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігі жаңбырлы болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа-райы: Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігі жаңбырлы болады

«Қазақстанның оңтүстік облыстары арқылы атмосфералық ағындармен қоса жылжыйтын циклон, алдағы үш тәулікте жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер жаууына себепші болады. Сондай-ақ, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдауы ықитимал және кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аймақтарда антициклон ықпалында болады, сол себепті кішігірм жауын-шашын болжанады және көп жерлерде күн райы ашық болмақ. Елімізде ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 2...6°С жоғары сақталады», делінген хабарламада.