Ауа райы: алты өңірде ескерту жарияланды
Атап айтқанда, 3-4 караша күндері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жаңбыр жауады. Таулы аумақтарда нөсерлі жауын-шашын күтіледі (жаңбырдың соңы қарға ауысады). 3 карашада оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20, кей жерлерде - 23-28, ал Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ болуы мүмкін. Күндіз 3 караша күні ауа температурасы +10+15, кей жерлерде +7 градусқа дейін төмендейді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 80-85 %.
3 қараша күні Қостанай облысының кей жерлерін тұман басып, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Жұма күні Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, 3-5 қараша күндері кей жерлерде тұман күтіледі.
3 қарашада Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді.
Осы күні Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с жететіні күтіледі. 15-20 м/с екпіндегі жел Атырау қаласында да болжанады.