16:21, 18 Желтоқсан 2018 | GMT +5
АУА РАЙЫ: Астана қаласы мен Ақмола облысында ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы мен Ақмола облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
19 желтоқсан күні Астанада бұрқасын соғып, таңертең және кешке солтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Сондай-ақ, ертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, солтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ескертудің дөп келу ықтималдылығы - 95-100 %.