АУА РАЙЫ: Бейсенбіде еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қарашада Қазақстанның басым бөлігі әлі де терең және белсенді фронталды жүйеде сақталады, соған байланысты жауын-шашын түседі, республиканың оңтүстігінде қалың қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде екпінді жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

АУА РАЙЫ: Бейсенбіде еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ тұман, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.