АУА РАЙЫ: Бейсенбіде Жамбыл, Қарағанды облыстарында бұршақ жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 маусымда Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

АУА РАЙЫ: Бейсенбіде Жамбыл, Қарағанды облыстарында бұршақ жауады

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, түнде Оңтүстік Қазақстан , күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Қарағанды облыстарында бұршақ болуы ықтимал. Атырау облысының кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.