Ауа райы: БҚО аумағында ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында күтіліп отырған екпінді желге байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметтері бойынша, 4 және 5 наурыз күндері Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Оралда: күндіз 4-5 наурызда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с жетеді», - делінген Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Осы уақытта Орал тұрғындары ұялы телефондарына ауа райының бұзылатындығына қатысты ескерту-СМС-тер алуда.