Ауа райы болжамы - Қазгидромет
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Жаңа жұмыс аптасының басында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Түнде ауа температурасы -9;-5°C, күндіз +3;0°C шамасында болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап astana.kz хабарлады.
«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -7;-9°C, күндіз +1;+3°C болуы ықтимал», - деп хабарлады astana.kz.
Сейсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -6;-7°C, күндіз +1;+3°C болады.
Сәрсенбі күні, синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -5;-7°C, күндіз 0;+2°C шамасында болады.