Ауа райы болжамы: Сейсенбіде елдің басым бөлігінде жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінің кейбір аймақтарында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстікте күн күркірейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Ауа райы болжамы: Сейсенбіде елдің басым бөлігінде жауын жауады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін барады. Қызылорда, түнде Алматы облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей бөліктерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, таң ата және күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамықпен ұйтқиды.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде 1 радус үсік жүреді.