Ауа райы: Бүгін еліміздің басым аймағында бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымардың өтуіне байланысты бұрынғысынша ауа райы тұрақсыз болады және қар жаууы да мүмкін, деп хабарлайды ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым аймағында бұрқасын болады

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде ол 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде төменнен бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, арасында 25 метрге жететін кездері болады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатып, желдің күші секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде және күндіз желдің күші 15-20 метр-секундқа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ болып, күндіз төменнен бұрқасын соғады. Ақтөбе облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданы аймағында жел секундына 20-25 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде желдің күші секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Кей аймақтарда тұман түседі.