АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, кей жерлерде көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, түнде кей жерлерінде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертен тұман түседі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.