АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстікте фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел соғып, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады.

Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде көктайғақ болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.