АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбырлы болады

Павлодар облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді. Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.