АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде жел күшейеді

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Жамбыл, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе облысында түнде және тәңертең тұман болады.

Қызылорда, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.