АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты елдің солтүстігінде, шығысында және Республиканың орталығында жауын-шашын сақталады, қалған аумақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман болады, жел күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау облысының  кей жерлерінде  қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда  облыстарының  кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.