АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның барлық территориясында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді.

АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, кей жерлерде көктайғақ болады, тұман түседі

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел тұрады, күші 15-20 м/с, бұрқасын соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-22 м/с-ға дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.