АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның батысында аптап ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Ақмола, СҚО, Павлодар, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында жылдамдығы 15-20 м/сек жел соғады.
Алматы, Жамбыл, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Маңғыстау облысында кей жерлерде ғана күн ысиды.
Атырау облысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.