00:33, 30 Маусым 2016 | GMT +5
АУА РАЙЫ: Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай сақталады, қалған аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей жерлерінде жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, шаңды дауыл болады.
Маңғыстау облысында, Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.