Ауа райы бұзылып, құтқарушылар Алтайда жоғалған тікұшақты іздестіре алмауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таулы Алтайда жоғалып кеткен «Робинсон» тікұшағын іздеу жұмыстарын құтқарушылар Телец өзенінде болып жатқан дауылға байланысты бастай алмай отыр, деп жазады Лайф.ру. 

Ауа райы бұзылып, құтқарушылар Алтайда жоғалған тікұшақты іздестіре алмауда

Алтай қорығының күзет қызметі бастығының айтуынша, тікұшақ шамалап алғанда жағалаудан 1,5 км аймақта құлаған.

«Біздің мәліметтеріміз бойынша, шамамен Яйлю ауылынан 24 км аймақта құлады»,-деп хабарлады Сергей Ерофеев.

Іздестіру жұмыстары таңғы сағат 06-00-ден басталуы керек.

Еске сала кетейік, аталған оқиғаның орын алғаны туралы куәгерлер хабарлады.

Олардың сөздерінше, тікұшақ Телец өзеніне құлаған. Көліктегі Батыс Сібір тергеу басқармасы алдын ал тексеру жұмыстарын бастады.