Ауа райы: Еліміздің екі облысында ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт құбылуына байланысты Қазақстанның екі облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа райы: Еліміздің екі облысында ескерту жарияланды

«27 наурызда түнде, 28 наурыз күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, жауын-шашын, тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-ға дейін күшейіп, жауын-шашын болуы мүмкін», - делінген  «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ күн райының бұзылуына байланысты Қостанай облысында да ескерту жарияланды. Ертең күндіз Қостанайдың кей жерлерінде желдің күші 25 м/с-ға дейін жетеді. Көктайғақ болуы ықтимал.