АУА РАЙЫ: Қазақстанның басым аймақтарында күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік және Батыс Қазақстанда жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромед» МКК.
Нақтырақ айтқанда, Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жалаңашкөл маңында желдің жылдамдығы 18-23, кей жерлерінде секундына 28 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында да тұман түседі, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да жел күшейіп, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұмсан түседі.