АУА РАЙЫ: Қазақстанның басым бөлігінде 6-8 ақпанда қар жауып, бұрқасын соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6-8 ақпан күндері Тропосферадағы (5 шақырым шамасындағы биіктік) батыс ағындары оңтүстік-батысқа ауысып, жылы ауа массалары оңтүстік циклондарымен Қазақстанға келе бастайды, деп ескертеді «Қазгидромет» РМК.

АУА РАЙЫ: Қазақстанның басым бөлігінде 6-8 ақпанда қар жауып, бұрқасын соғады

Осыған байланысты алдағы демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынан басқа аумақтарда күндізгі оң температураға қарамастан, қар, бұрқасын болады. Көріну 50-200 метрге дейін нашарлап, желдің екпіні 15-25 м/с жетеді.

Ал дүйсенбі күні - тропосфералық ағындар оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысып, Кольск түбегі ауданынан суық ауа Қазақстанның солтүстік жартысына жайыла бастайды.