АУА РАЙЫ: Қазақстанның бес облысында жол жабылды

Барлығы 13 жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі күн райының жақсаруын күтіп, алыс жолға шықпау керектігін атап өтті. Қазақстандықтарды күн райының қолайсыздығы туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.
Жұмыс күшейтілген режимге ауыстырылды. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет.
Ақмола облысында келесі тасжолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді:
1.«Жезқазған-Петропавл» тасжолының 377-440 шақырымдары, Қостанай облысы – Державинск қаласы шекарасы учаскесі;
2. «Жақсы-Есіл-Бұзұлық» тас жолының 0-64 шақырымдары, Жақсы ауылы – Есіл қаласы учаскесі;
3. «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 917-1003 шақырымдары, Жақсы кенті-Атбасар қаласы учаскесі.
4. «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» тасжолының 37-180 шақырымдары,
Ақмол ауылы – Қорғалжын қорығы учаскесі.
5. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау» тасжолының 37-51 шақырымдары, Қабанбай батыр ауылы - Ақмола облысының шекарасы учааскесі.
Ақтөбе облысы:
1.«Самара-Шымкент» тасжолының 776-965 шақырымдары, Белогорка кенті - Қарабұтақ кенті учаскесі.
2.«Ақтөбе – РФ шекарасы» тасжолының 39-136 шақырымдары, Ш.Қалдаяқов ауылы – РФ шекарасы учаскесі.
3 . «Самара-Шымкент» тасжолының 526-700 шақырымдары, БҚО-Маржанбұлақ ауылы шекарасы учаскесі.
БҚО:
1.«Самара-Шымкент» тасжолының 394-526 шақырымдары, Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысы шекарасы учаскесі.
Қарағанды облысы:
1.«Жезқазған-Петропавл» тасжолының 65-252 шақырымдары,
Жезді кенті – Қостанай облысының шекарасы учаскесі.
2. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау» тасжолының 51-266 шақырымдары, Ақмола облысы – Теміртау қаласының шекарасы учаскесі.
Қостанай облысы:
1. «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 252-340 шақырымдары, Қарағанды облысы – Арқалық қаласы шекарасы учаскесі.
2. «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 340-377 шақырымдары, Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы учаскесі.