Ауа райы: Қазақстанның оңтүстігінде ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа райы: Қазақстанның оңтүстігінде ескерту жарияланды

«30 наурыз-1 сәуір аралығында ауа температурасының көтерілуі жалғасып, күтіліп отырған жаңбырларға байланысты Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тасқын сулар жиналып, таулардан су ағуы мүмкін», - делінген хабарламада.



Фото: getregional.com.au