Ауа райы: Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның төрт облысында 1 мамырға ауа райы болжамына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа райы: Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды

«1 мамырда жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер жаууына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары өзендерінде судың деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы ықтимал», - делінген синоптиктердің болжамында.