Ауа райы: Қазгидромет Алматы облысында ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жетісу және Іле Алатауы тауларында қатты жауын-шашын болады, деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
None
None

«Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылы 28 наурыздағы ескертуі негізінде, 29-30 наурыз күндері Алматы облысының Жетісу және Іле Алатауы тауларында қатты жауын-шашын (көктайғақ, қар және тұман) күтіледі. Сондай-ақ, Алматы облысының аумағында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 18-23 м/с жетеді« делінген хабарламада.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.



Соңғы жаңалықтар