Ауа райы коронавирустың таралуына әсер ете ме - эпидемиолог

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова ауа райының коронавирус инфекциясының таралуына қалай ықпал еткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауа райы коронавирустың таралуына әсер ете ме - эпидемиолог

Оның сөзіне қарағанда, ауар райының жылынуына байланысты адамдардың арасында әлеуметтік қарым қатынас жақсарады.

Жұрттың көпшілігі, әсіресе жастар көшеде бірін-бірі кездестірсе қол беріп, бет сүйісіп амандасады.

«Осыған байланысты ауа-тамшылы жолымен жұқтыру арта түседі», - деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, маска тағу көшеде жұқтыру қаупін төмендетеді.

Маман жақын арада қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шығатынын мәлім етті.

Бұл құжатта инфекцияның таралуына қарсы шектеу шаралары қабылданбақ.