Ауа райы: Қостанайда жедел штаб құрылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қостанайда жедел штаб құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) Мемлекеттік тіл және ақпарат бөліміне сілтеме жасап.
None
None

ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаевтың айтуынша, аймақта қалыптасқан температураның төмен болуына байланысты барлық авариялық-құтқару бөлімшелерінің қарауылдары күшейтілген. Жауынгерлік есепке резервтік техника енгізілді.

«Облыс жолдарында және елді мекендерде мүмкін болатын штаттан тыс жағдайларды жою үшін Қостанай гарнизонының барлық жеке құрамы жұмылдырылатын болады. Қостанай облысы ТЖД бастығының өкімімен 5 ақпаннан бастап облыстық жедел штаб жұмыс істейді, оған жол ұйымдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің және ішкі істер органдарының өкілдері кірді. Арнайы техника, өтімділігі жоғары автомобильдер, жылжымалы электр станциялары дайындалды. Республикалық маңызы бар тасжол учаскелерінде қатты аяз болған жағдайда халыққа қажетті көмек көрсету үшін 14 жылыту бекеттері орнатылды. Сондай-ақ қысқы кезеңде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әрекет ету жоспары әзірленді», - дейді Азамат Орымбаев.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 67 өрт тіркелді. Өрт көп жағдайда тұрғын үй секторында болады. Соған байланысты облыстық ТЖД жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындау қажеттілігі туралы еске салады. Аязды күндері пештер мен жылыту құралдарын пайдалану кезінде аса сақ болу керек. Ақаулы электр сымдарын пайдалануға жол бермеу. бүлдіршіндерді қараусыз қалдырмау керек.

Айта кетейік, ТЖД ауа райының бұзылатыны туралы облыс тұрғындарын уақытылы құлақтандырғанына қарамастан, аймақта оқыс жайттар тіркеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар