Ауа райы: Маңғыстауда нөсер жауады, СҚО мен Қызылордада жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ауа райы: Маңғыстауда нөсер жауады, СҚО мен Қызылордада жел күшейеді

2 қарашада күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерінде қатты нөсер жаууы ықтимал.

2 қарашада күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Сол күні Ақтау қаласында 2 қарашада күндіз қатты нөсер жауады.

2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимад. Батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі ықтимад.

Сол күні Петропавл қаласында батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.