«Ауа райы өзгерісінің Орталық Азиядағы су ресурстарына ықпалы» атты кезекті сараптамалық топтама жарыққа шықты

АЛМАТЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Еуразиялық даму банкінің «Ауа райы өзгерісінің Орталық Азиядағы су ресурстарына ықпалы» атты кезекті сараптамалық топтамасы жарыққа шықты,

«Ауа райы өзгерісінің Орталық Азиядағы су ресурстарына ықпалы» атты кезекті сараптамалық топтама жарыққа шықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Сараптамада ауа райының өзгерісімен келетін тәуекелділіктер, аймақ табиғаты мен әлеуметтік сала мен экономикаға келетін өзгерістер болжанып, баға берілген.

«Ауа райының өзгеруі әлемдік экономика мен қоршаған ортаға үлкен қатер төндіреді.Оның Орталық Азия елдеріне  су ресурстарына ықпалы ерекше болмақ.Сондықтан су ресурстарын басқарудың тиімді тетігі жасалуы тиіс.Бұл бағытта Еуразиялық даму банкі техникалық мәселелер бойынша қолдау білдіреді», делінген топтамада, бұл мәселелерді шешу бағытында бірқатар ұсыныстар жасалған.