Ауа райы: Республиканың басым аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.
Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, еліміздің көпшілік аймақтарында жауын-шашын болып, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және еліміздің батысындағана жауын болмайды.
Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман, көктайғақ, солтүстік-шығыста жаяу бұрқасын болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, кей жерлерде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, Қостанай облысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Атырау, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.