Ауа райы: Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігіне қар жауады, тұман түсіп көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ауа райы: Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

12 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігіне Атлант циклоны әсер етеді, соған байланысты қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, боран соғады, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде боран соңуы мүмкін.

Ақмола, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде боран соғады, тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді, екпіні 30 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.