Ауа райы: СҚО-да аязға байланысты ескерту жасалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында ауа-райына байланысты алдағы үш күнге ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазгидромет» РМК филиалы синоптиктерінің мәліметінше, 5 ақпан күні аймақтың кей жерлерінде бұрқасын болып, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Түнде жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз және түнде ауа температурасының 30-35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

6 және 7 ақпан күндері Солтүстік Қазақстан облысында 37-42 градусқа дейін қатты аяз болады, кей жерлерде термометр бағаны 45 градустан төмен түсуі ықтимал. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 пайыз.

Бұған дейін синоптиктер солтүстікқазақстандықтарды қыстың соңғы айында ауа-райының салқындауы туралы ескерту жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар