Ауа райы жағдайына байланысты Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бірнеше бағыттағы тас жолдар жабылды - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаңтардың 24-і күні кешқұрым Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында барлық автокөліктер үшін бірнеше бағыттар бойынша автожолдар жабылды,

Ауа райы жағдайына байланысты Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бірнеше бағыттағы тас жолдар жабылды - ТЖМ

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Көктайғақ пен бұрқасынның болуы себепті Алматы облысында «Алматы-Өскемен» тас жолы, ШҚО-да «Таскескен-Бақты» автожолының 78-187-ші шақырым аралығындағы учаске, «Алматы-Өскемен» автожолының 615-1079 шақырым аралығындағы бөлігі, сондай-ақ «Семей-Қалбатау-Көкпекті», «Қалжыр-Теректі» және «Күршім-Қалжыр» күре жолының 0-98 шақырым аралығындағы аумақ жабылды.