14:25, 26 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Ауа райы: Жамбыл облысында ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қатты жауын-шашын мен жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«27 желтоқсан күні Жамбыл облысында 15-20 м/с жылдамдықпен оңтүстік-батыс пен батыстан соққан желдің жылдамдығы 25-ке жетуі ықтимал, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында оның екпіні 30 м/с-қа артуы мүмкін. 27 желтоқсан күні күндіз таулы аудандарда қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және бұрқасын соғады», - делінген хабарламада.